Ақтөбеде кәсіпкерге айыппұл төмендетілді.

Ақтөбеде кәсіпкерге айыппұл төмендетілді.

Ақтөбеде кәсіпкерге айыппұл төмендетілді.

        

         Ақтөбе қ. Алматы ауданының прокуратурасы әкімшілік айыппұлды заңсыз өндіріп алуды жойды.

         Аудан прокуратурасына медициналық бетперде тақпағаны үшін әкімшілік айыппұл салумен келіспейтіні жөнінде А.Алмагамбетова ЖК жүгінді.

         Тексеру істі қарау кезінде өтініш берушінің тексерушілердің жұмыс күні аяқталғаннан кейін келгені және оның сол сәтте объектінің иесі ретінде дүкенді жаба бастағаны туралы дәлелдері ескерілмегенін көрсетті. Бұл ретте дүкендегі сатушы бетпердеде болған.

         Қадағалау актілері бойынша құқық бұзушының әрекеттері кәсіпкер ретінде емес жеке тұлға ретінде сараланып, айыппұл мөлшері 638 мыңнан 83 мың теңгеге дейін төмендетілді.

 

Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметі