Мұғалімдерге шығындар өтелді

Мұғалімдерге шығындар өтелді

Мұғалімдерге шығындар өтелді

 Ақтөбе облысының прокуратурасы пандемия кезінде мұғалімдердің өз шығындарын өтеген.

Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап бүкіл ел бойынша мектептер қашықтықтан оқыту нысанына көшті (бүгінгі күнге дейін жалғасуда).

Талдаумен облыстың 403 жалпы білім беру мектептері қамтылған, онда 18 446 мұғалім сабақ береді.

15 158 оқытушылардың карантиндік іс-шараларға байланысты үй жағдайында интернет-байланыс арқылы 138 935 оқушыға қашықтықтан оқыту жүргізгені анықталды.

Мысалы, Қобда орта мектебінің ағылшын тілі мұғалімі А.Б. Қызылғұлова сәуір мен мамыр айлары аралығында қашықтықтан оқыту кезінде электр энергиясына, интернетке және басқа да коммуналдық шығыстарға 2000 теңге артық төлеген.

Еңбек кодексінің 138-бабына сәйкес жұмыс беруші жұмыскерге коммуникация құралдарын (байланыс құралдарын) береді және оларды орнату мен оларға қызмет көрсету жөніндегі шығыстарды көтереді. Қызметкер өзінің коммуникация құралдарын тұрақты негізде пайдаланған жағдайда, жұмыс беруші өтемақы төлейді, оның мөлшері мен төлеу тәртібі қызметкермен келісім бойынша белгіленеді.

Тараптардың келісімі бойынша қашықтықтан жұмыс істейтін қызметкерге жұмыс берушінің жұмысын орындауға байланысты өзге де шығыстар (электр энергиясының, судың құны және басқа да шығыстар) өтелуі мүмкін.

Қадағалау шаралары бойынша 10,2 млн.теңге мөлшерінде шығындар өтелді, 15 мыңнан астам оқытушылардың құқықтары қалпына келтірілді.

 

 Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметі