Прокуратура органдарының үйлестіруімен мемлекетке қайтарылған активтер бүгінде халық игілігіне бағытталып, нақты әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға жұмсалуда. Ақтөбе облысы бойынша осындай қаражат есебінен жалпы саны 13 әлеуметтік жоба іске асырылуда.
Аталған жобалардың бірі – Хромтау ауданында жүзеге асырылып жатқан Хромтау аудандық ауруханасына қосымша 2 қабаттан тұратын жалпы құны 1,9 млрд теңгені құрайтын нысан салынуда.
Құрылыс жұмыстарының негізгі мақсаты – инсульт орталығының мүмкіндіктерін кеңейту және тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру.
Бұл орталықта тек Хромтау ауданының тұрғындары ғана емес, оған қоса аудан аумағына жақын орналасқан екі ауданның тұрғындары да қажетті медициналық көмек ала алады.
Жобаның жалпы сыйымдылығы бір мезетте 19 науқасқа қызмет көрсетуге арналған.
Сонымен қатар, жаңа нысан іске қосылғаннан кейін қосымша 22 жұмыс орны ашылады.
Қайтарылған активтер есебінен жүзеге асырылып жатқан барлық әлеуметтік жобалардың құрылысы Хромтау ауданы прокуратурасының тұрақты және қатаң бақылауында.