Ақтөбе облысында қылмыстың алдын алу және қоғамдық мүдделерді қорғау бағытында жұмыстар күшейтілді

Ақтөбе облысында қылмыстың алдын алу және қоғамдық мүдделерді қорғау бағытында жұмыстар күшейтілді

Ақтөбе облысының прокуратурасы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығы жұмысын қорытындылады.

Облыс прокурорының орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, қала және аудан прокурорларының есептері тыңдалды.

Есепті кезеңде құқық бұзушылықтардың орын алу себептерін жоюға басымдық бере отырып, қылмыстылықтың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілді.

Атап айтқанда, республикалық «Айқын нәтиже» және «Қауіпсіз балалық шақ» жобалары, сондай-ақ «Ақтөбе - алаяқтықсыз аумақ» және «Наркобарьер-2026» өңірлік жобалары шеңберінде кешенді профилактикалық іс-шаралар іске асырылуда.

Осы мақсатта Үйлестіру кеңестерінде облыс әкімінің, өңірдің құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдары басшыларының қатысуымен кезең-кезеңмен орындалатын егжей-тегжейлі жоспарлар әзірленіп, бекітіліп, онда нақты мерзімдер, іс-шаралар, қаржыландыру көздері және жауапты тұлғалар айқындалды.

Есепті кезеңде қылмыстың алдын алу шараларына облыстық бюджеттен 600 млн теңгеден астам қаражат бөлінді.

Өңірде 54 криминогендік нүктелер, оның ішінде 38 ойын-сауық мекемелері айқындалып, полиция органдарының тұрақты бақылауына алынды.

411 бейнебақылау камералары (оның ішінде 133-і тұлғаны тану функциясымен) орнатылып, қосымша 380 көшелер жарықтандырылды.

150-ден астам қараусыз қалған ғимараттар мен құрылыстар коммуналдық меншік қабылданып немесе бақылауға алынып, қоршалды.

Алкоголь өнімдерін сатумен айналысатын 150 сауда субъектілерінің қызметтері тоқтатылды.

45 ауылдар алкоголь өнімдерін сатудан толықтай бас тартты. Пробация қызметінің есебінде тұрған, әкімшілік қадағалаудағы, сондай-ақ құқық бұзушылыққа бейім 1,5 мың тұлғалармен (отбасылық жанжал шығарушылар, нашақорлар, маскүнемдер) жеке профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

120 адам арнайы емдеу-профилактикалық мекемелерге мәжбүрлі емдеуге жіберілді.

Өңірде 6,5 мың бала тәрбиеленіп отырған тәуекел тобына жататын 4 мың отбасы анықталды. Әрбір отбасымен «FSM social» электрондық платформасы арқылы нысаналы жұмыстар жүргізілуде.

Қабылданған кешенді шаралар нақты нәтижесін бере бастады.

Ағымдағы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша облыста қылмыстылық деңгейі 8%-ға төмендеді.

Атап айтқанда, адам өлтіру, жеке адамға қарсы ауыр қылмыстар, ұрлық, тонау, алаяқтық, есірткі қылмыстары, қоғамдық орындарда жасалған құқық бұзушылықтар және тұрмыстық зорлық-зомбылық деректері азайды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің сапасы жақсарды.

Прокурорлармен 7 мың негізгі процестік шешімдер келісілді.

Сотқа шамамен 1,5 мың қылмыстық істер жолданып, 742 тұлғаларға қатысты айыптау үкімдері шығарылды.

Қылмыстық істер бойынша мемлекетке келтірілген залалдың шамамен 2 млрд теңгесі өндірілді.

Прокурорлардың өтінішхаттары негізінде жоғары тұрған сот сатыларында 67 тұлғаларға қатысты 54 істер бойынша сотпен жіберілген қателіктер түзетілді.

Сонымен қатар, қоғамдық мүдделерді қорғау, әсіресе «көлеңкелі экономикаға» қарсы іс-қимыл бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілді.

Есепті кезеңде 4 млрд теңгеден астам бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол берілмеді, мемлекетке 2 млрд теңгенің мүліктері қайтарылып, бюджетке 7,5 млрд теңгеден астам қаражат түсті.

Бұл негізінен ірі жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты жүргізілген прокурорлық тексерулер нәтижесінде өндірілген салықтар, айыппұлдар және өтелген залалдар.

Атап айтқанда, бірқатар компаниялардың салық салынатын базаны қасақана төмендетіп, активтерді заңсыз түрде шетелге шығарғаны анықталды.

Олар бұл үшін түрлі «көлеңкелі» схемаларды қолданған. Шетелдік компаниялармен инжинирингтік қызметтер көрсетуге жалған шарттар жасасу арқылы, шығындарды негізсіз ұлғайтып, табыстарын жасырған.

Прокуратураның талаптары мен қадағалау актілері негізінде мемлекеттік кірістер органдары тиісті тексерулер жүргізіп, бюджетке қосымша 12,6 млрд теңге есептеді.

Қазіргі таңда, компаниялардың бір тобы бойынша ғана бюджетке 5,5 млрд теңге түсіп, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Прокурорлық қадағалаудың басым бағыттарының бірі - инвестициялық жобаларды сүйемелдеу.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде облыс прокуратурасы жалпы құны 44,3 млрд теңгені құрайтын инвестициялық жобалардың іске қосылуына ықпал жасап, 400 жаңа жұмыс орнының ашылуын қамтамасыз етті.

Сонымен қатар, мемлекетке қайтарылған активтер есебінен 11 әлеуметтік нысандар салынды.

Алқа соңында Марат Әбішев, бағынысты прокурорларға нақты тапсырмалар беріп, «Заң және Тәртіп» қағидаты аясында Бас Прокурордың тапсырмаларын бұлжытпай орындаудың маңыздылығына ерекше тоқталды.

Негізгі басымдықтардың қатарында - азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау, әлеуметтік маңызы бар салаларға прокурорлық қадағалауды күшейту, көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылды жалғастыру, есірткінің заңсыз айналымы мен алаяқтыққа қарсы күресті жандандыру, инвестициялық жобаларды тиімді сүйемелдеу және адал кәсіпкерлікті қорғау міндеттері айқындалды.