«Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында Ақтөбеде заңсыз қоқыс алаңдары анықтады

«Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында Ақтөбеде заңсыз қоқыс алаңдары анықтады

Ақтөбе облысының Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы “Таза Қазақстан” тұжырымдамасы аясында рұқсат етілмеген қоқыс алаңдарын анықтау бойынша жұмыстар жүргізуде.

Қазақстан Ғарыш сапары спутниктік түсірілімдері және ұшқышсыз ұшу аппараты дронды пайдалану арқылы Ақтөбе қаласы Астана ауданы аумағында 15, Алматы ауданында 17 заңсыз қоқыс алаңдары анықталды.

Аталған бұзушылықтар бойынша Астана және Алматы ауданы әкімдерінің орынбасарлары әкімшілік жауаптылыққа тартылды, қала әкіміне заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыну енгізілді.

Прокуратураның үйлестіруімен бүгінгі күні қоқыс алаңдарын жою бойынша жұмыстар басталды.

Алдағы уақытта ұқсас жұмыстар облыс аудандарында жалғасын табады.

Облыс тұрғындары мен қонақтарын экологиялық заңнаманың талаптарын сақтауға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақырамыз.

Тек бірлескен жұмыстар арқасында қолайлы экологиялық ахуалды қамтамасыз етіп, табиғи ресурстарды келешек ұрпақ үшін сақтап қала аламыз.