Ақтөбе облысының прокуратурасы интернет-алаяқтықтардың алдын алу және жолын кесу жұмыстарын жалғастыруда

Ақтөбе облысының прокуратурасы интернет-алаяқтықтардың алдын алу және жолын кесу жұмыстарын жалғастыруда

Ақтөбе облысының прокуратурасы Ақтөбе облысы ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесіп интернет-алаяқтықтардың алдын алу және жолын кесу бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.

Ағымдағы жылдың мамыр айында екінші деңгейлі банктермен өзара іс-қимылдың нәтижесінде заңсыз банктік несиелерді рәсімдеу фактілерінің жолы кесілді.

Атап айтқанда, 2026 жылғы 4 мамырда облыс прокуратурасына Halyk Bank менеджерінен 2 млн теңге көлемінде несие рәсімдеп жатқан клиент туралы ақпарат келіп түсті. Әйел адамның мінез-құлқы күдік тудырған, ол күйзеліс жағдайында болып, өзін банк қызметкері ретінде таныстырған белгісіз тұлғамен бір мезгілде хат алмасып отырған.

Банк қызметкерлерінен түскен хабарламаға прокуратура және Киберполиция қызметкерлері жедел әрекет етіп, азаматша полиция органдарына жеткізілді.

Тексеру барысында оның интернет-алаяқтардың психологиялық ықпалында болғаны анықталды.

Қырағылық танытқаны үшін банк қызметкері облыс прокурорының грамотасымен марапатталды.

Бір күннен кейін осындай факт Kaspi Bank-те тоқтатылды, онда клиент 2 млн теңге сомасына несие беруге тырысты.

Қарыз алудан ерікті түрде бас тарту сервисі іске қосылғанына қарамастан, әйел адам депозиттегі қаражатты шешіп алуға әрекеттенген, бұл да банк менеджерлерінің күдігін туғызған.

Банк қызметкерлері бұл туралы дереу полиция қызметкерлеріне хабарлап, олардың жедел әрекетінің нәтижесінде ақша қаражатын ықтимал жымқырудың жолы кесілді.

Банк қызметкерлері де облыс прокуратурасы басшылығы тарапынан көтермеленді.

Ақтөбе облысының прокуратурасы азаматтарды қаржылық қауіпсіздік шараларын сақтауға, растау кодтарын, банк карталарының деректемелерін бөгде адамдарға бермеуге және өздерін банк немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстыратын белгісіз тұлғалардың нұсқауларын орындамауға шақырады.

Интернет-алаяқтықтардың алдын алу және жолын кесу жұмыстары жалғасуда.