Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара

Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара

Ақтөбеде Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті, бұл шара прокуратура органдарындағы ұрпақтар сабақтастығы мен патриоттық құндылықтарды нығайтудың жарқын үлгісіне айналды.

2026 жылғы 6 мамырда Ақтөбе облысының прокуратурасында тарихи мұраға құрметпен қарауға және Отанға қызмет етуге бағытталған іс-шара ұйымдастырылды. Заңға және Отанға деген адалдығы жас қызметкерлер үшін адамгершілік бағдар болып табылатын прокуратура органдары ардагерлерінің рөліне ерекше назар аударылды.

Іс-шараға облыс прокуроры Марат Әбішев, прокуратура органдарының ардагері Рашит Гайсин, сондай-ақ ведомствоның қазіргі қызметкерлері қатысты. Өз сөздерінде прокуратураның көрнекті өкілдері  туралы естеліктерді сақтау қызметтік мәдениеттің ажырамас бөлігі және жас мамандардың кәсіби санасын қалыптастырудың маңызды элементі екені атап өтілді.

Іс-шара аясында Ұлы Отан соғысының ардагері, көрнекті мемлекет қайраткері және Қазақ КСР-нің Бас прокуроры Өтеген Сейітовтің мемориалдық тақтасына гүл қою рәсімі өтті. Оның өмір жолы мен заңға қалтқысыз қызмет етуі шынайы отансүйгіштіктің және мемлекет алдындағы жоғары жауапкершіліктің үлгісі болып табылады.

Бөлек блок ретінде жас прокурорлардың ардагер Рашит Гайсинмен кездесуі өтті. Еркін сұхбат барысында кәсіби абырой, антқа адалдық, заңдылықты қатаң сақтау және қызметтік іс-әрекетте ымыраға жол бермеу мәселелері қозғалды. Жас қызметкерлер аға буынның тәжірибесіне ерекше құрметпен қарап, дәстүрлерді сақтау мен жинақталған білімді табыстаудың маңыздылығын атап өтті.

Өткізілген іс-шара прокуратура органдарында жас кадрларды отансүйгіштік, сабақтастық рухында тәрбиелеуге және өмірлерін заңға қызмет етуге, мемлекет мүддесін қорғауға арнаған ардагерлерге сөзсіз құрмет көрсетуге ерекше мән берілетінін көрсетті.