Бүгін Ақтөбе облысының соты жүк көлігінің жүргізушісіне қатысты қылмыстық іс бойынша ақтау үкімінің және жекеше қаулының күшін жойды.
Ағымдағы жылдың наурыз айында Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен сотталушы 4 адамның, оның ішінде 3 баланың өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы бойынша кінәсіз деп танылды.
Еске сала кетейік, 2023 жылғы резонанс тудырған жол-көлік оқиғасы бойынша бұған дейін екінші қатысушы – жеңіл автокөлік жүргізушісі, бір күнде күйеуі мен үш баласынан айырылған әйелге қатысты да ақтау үкімі шығарылған еді.
Кейіннен, айып жүк көлігінің жүргізушісіне тағылды, себебі оған тікелей оқиғаның куәгері көрсетті.
Алайда алқабилер өзгеше шешім қабылдады.
Ақтау үкіміне прокуратура апелляциялық өтінішхат енгізіп, оны жоюды сұрады.
Апелляциялық саты прокуратураның уәждерімен келісіп, істі қайта қарауға жолдады.