Рейдтік іс-шаралардың нәтижелері

Рейдтік іс-шаралардың нәтижелері

Рейдтік іс-шаралардың нәтижелері

Ақтөбе қаласында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында күн сайын Ақтөбе қаласы Астана ауданы прокуратурасының үйлестіруімен әкімдік және полиция өкілдерінің қатарынан мобильді топтар карантиндік шараларды орындау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізуде.

Рейдтік іс-шаралар барысында 4 караоке клубының, сондай-ақ 100-ден астам отыратын орны бар 4 мейрамхананың жұмыс істейтіні анықталды.

Барлық анықталған заң бұзушылық фактілері бойынша материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін, Ақтөбе облысының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жолданды.

Сондай-ақ полиция қызметкерлерінің заңды қызметіне кедергі келтіргені үшін, Ақтөбе қаласының кәсіпкеріне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.

Шектеу іс-шараларының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс күнделікті негізде жүргізілуде және эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін жалғастырылатын болады.

Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметі