Ақтөбе облысының Табиғат қорғау прокуратурасы «Қазақстан Ғарыш Сапары» спутниктік мониторинг жүйесінің көмегімен іс жүзінде орманмен жабылған, бірақ есепке алынбаған жерлерді анықтады.
Прокурорлық ден қою шараларының нәтижесінде Шалқар ауданында 22 мың гектар және Байғанин ауданында 95 мың гектар жер Байғанин орман шаруашылығының қарамағына берілді.
Жерге орналастыру рәсімдері аяқталғаннан кейін аталған жерлер орман қоры жерлеріне ауыстырылады.
Нәтижесінде облыстың орман қорының аумағы 30 пайызға артып, 254 мың гектардан 371 мың гектарға дейін ұлғаяды, бұл ормандарды қорғау мен сақтауға қолайлы жағдай жасайды.