
Ақтөбе қаласының №2 сотының 2025 жылғы 31 наурыздағы үкімімен қала әкімінің аппаратының бұрынғы басшысы Н.Исембайұлы мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін беруге уәде етуге байланысты алаяқтық жасады деген айып бойынша дәлелдердің жеткіліксіздігіне байланысты ақталған болатын.
Өткен жылы аталған іс бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде кеңінен жарияланды.
Сонымен қатар, жекелеген жарияланымдар айқын біржақты сипатта болып, тергеу мен мемлекеттік айыптаудың жұмысына қатысты кемшіліктер болғаны туралы негізсіз тұжырымдарды қамтыды.
Дегенмен, жазаның бұлтартпастығы қағидатын дәйекті түрде ұстана отырып, прокуратура органдары ақтау үкімін кассациялық сот сатысында қайта қаратуға қол жеткізді.
Іс Ақтөбе облыстық сотына жаңадан қарауға жолданды.
Мемлекеттік айыптаушы тағылған айыпты толық қолдайтын болады.