Бас Прокурордың тапсырмаларын іске асыру аясында «Құқық бұзушылықтардың тиімді профилактикасы: жобалық формат» тақырыбында кеңейтілген Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
Отырысқа Бас Прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев, облыс әкімі Асхат Шахаров, еліміздің Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылығы, өкілдері және Үйлестіру кеңесінің мүшелері қатысты.
Отырыс барысында «Айқын нәтиже» және «Қауіпсіз балалық шақ» жобалары аясында құқық бұзушылықтар профилактикасын іске асыру тетіктері, криминогендік нүктелерді жою мен арақ өнімдерін сату орындарына бақылауды күшейту, отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу, соның ішінде отбасылық жанжал шығарушылар мен агрессорларға шара қолдану, Телеграм чат-бот пен QR желілерін тарату, бұрын сотталғандарға қатысты жүйелі ведомствоаралық әрекет, кәмелетке толмағандар құқықтарын қорғау бағытында нақты міндеттер айқындалды.
Басты мақсат – криминогенді-қауіпті орындар мен тәуекел топты ерте анықтап, оларды сүйемелдеу бойынша тиімді ведомствоаралық тетікті іске асыру, оны заманауи цифрлық шешімдер арқылы құру.
Облыста жалпы қылмыстың төмендеуіне қарамастан бірқатар қылмыс санаттары өсімі байқалады.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде «FSM Social» мобильді қосымшасына күн сайын 200-ге жуық дабыл келіп түседі, олардың әрқайсысы жедел түрде қаралып, қажетті көмек көрсетілуде.
Отырыс қорытындысымен үйлестіруді күшейтуге, профилактикалық тетіктерді жетілдіруге бағытталған шаралар мен құқық бұзушылықтарды ескерту бойынша жұмыста қоғамның тартылуын, соның ішінде прокуратура бастамасымен ашылған телеграм чат-боты мен QR желілері арқылы кеңейту шаралары қабылданды.
Аталған жұмыс өңіріміздің барлық мүдделі ведомстволардың бірінші басшыларының тұрақты бақылауында.