«Айқын нәтиже» жобасын іске асыру шеңберінде Алға ауданы прокуратурасының үйлестіруімен өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарды қолдауға бағытталған әлеуметтік мекемелер өз жұмысын бастады.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге және халықтың өзге де осал топтарына әлеуметтік әрі психологиялық көмек көрсететін дағдарыс орталығының кабинеті ашылды.
Сонымен қатар, алкогольге тәуелді азаматтарға медициналық көмек көрсететін уақытша бейімдеу және детоксикация орталығы жұмыс істеуде.
Аталған нысандарды құру құқыққа қарсы мінез-құлыққа жол беретін тұлғаларды дер кезінде оқшаулауға, қоғамдық орындардағы агрессия деңгейін төмендетуге және отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.
Жүргізілген жұмыстар аясында мобильді топ 40 қолайсыз отбасын зерделеді. «FSMSocial» цифрлық платформасы арқылы ауданның барлық әлеуметтік қызметтері мен мемлекеттік органдарының өзара іс-қимылы қамтамасыз етілді.
Отбасылардың жағдайын комиссиялық зерделеу қорытындысы бойынша:
- 7 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 2 адам пробация қызметінің есебінде тұрған (квота бойынша);
- 13 отбасыға материалдық көмек көрсетілді (азық-түлік себеттері, ақшалай төлемдер);
- 30-дан астам отбасы психологиялық және құқықтық қолдаумен қамтылды.
Криминогендік ахуалды талдау соңғы үш жыл ішінде ауданның төрт елді мекенінде — Еркінкүш, Көлтабан, Талдысай және Ерназар ауылдарында — құқық бұзушылықтардың тіркелмегенін көрсетеді.
Оң динамика тұрғындардың алкоголь өнімдерін тұтынудан бас тартуымен де байланысты.
Алкоголь өнімдерін сату кезінде құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жергілікті атқарушы органдар полициямен бірлесіп дүкендер мен кафе-барлардың бес иесімен алкоголь өнімдерін сату саласындағы заңнама талаптарын қатаң сақтау туралы меморандумдар жасасты.
Жүргізіліп жатқан іс-шаралар ауданның криминогендік ахуалына оң әсерін тигізуде.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.