Облыс прокуроры Марат Әбішев ТЖД, «Қазсушар» РМК басшылығымен және облыс әкімінің орынбасарымен бірлесіп Ақтөбе, Қарғалы, Мағаджан су сақтау қоймаларына әуеден шолу арқылы көшпелі тексеру жүргізді.
Сондай-ақ комиссиямен Ырғыз ауданының аумағын әуеден қарап шықты.
Негізгі назар гидротехникалық құрылыстардың, қар жамылғысының көлеміне, өзен сағалары мен оларға құятын салалардың жай-күйіне аударылды.
Басты мақсат - ықтимал қауіптердің алдын алу және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Аталған мәселе облыс прокуратурасының жуырдағы алқа мәжілісінде қаралып, қабылданған шешімдер тұрақты бақылауға алынды.