Облыс прокуратурасында «Атамекен» Кәсіпкерлік палатасы өкілдерінің қатысуымен «Бизнесті қорғау және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу» тақырыбында мәжіліс өтті.
Мәжілісте облыс прокуроры Марат Әбішев, облыс прокуроры, облыс әкімі және өңірлік «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, 2026–2027 жылдар аралығында өңірде кәсіпкерлік ахуалды жақсартуға бағытталған бірлескен жоспарды іске асырудың маңыздылығын атап көрсетті.
Жоспарда а.ж. бірінші тоқсанында «бір терезе» қағидаты бойынша Арнайы экономикалық аймақта «прокурорлық сүзгіні» одан әрі дамыту мақсатында инвесторларға қызмет көрсету орталығын ашу көзделген.
Орталық инвестициялар мен инвестициялық қызмет саласындағы жоғары қадағалауды жүзеге асыруға бағытталады.
Бұдан бөлек, өңірдің бизнес субъектілері мен бақылау - қадағалау органдарының қатысуымен «Кәсіпкерлікті қорғау форумы» өткізу жоспарлануда.
Облыс прокуроры инвесторлардың құқықтарын қорғау және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу - Мемлекет басшысының және Бас Прокурордың тапсырмасымен айқындалған басым бағыттардың бірі екенін ерекше атап көрсетті.
Бұл міндеттердің орындалуы прокурорлардан жоғары жауапкершілікті талап етеді.
Жалпыұлттық жобалар пулына инвестиция көлемі 3,3 трлн теңгені құрайтын 54 инвестициялық жоба енгізілді, оның аясында 7 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған.
Қадағалау жұмыстарын жандандыру мақсатында, облыс прокурорының өкімімен, маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеу сапасын арттыруда әр жобаға жауапты қызметкер бекітілді.
Сөз соңында облыс прокуроры «Атамекен» Кәсіпкерлік палатасы басшысына және қала, аудан прокурорларына бірлескен Жоспар тармақтарын сапалы орындауды тапсырды.
Ақтөбе облысының прокуратурасы