Ақтөбе облысының арнайы прокурорларымен интернет-дүкен (Qymyz shop) арқылы бүкіл ел бойынша психотроптық заттарды сатқан ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты қылмыстық іс бойынша іс жүргізі аяқтады.
Бұл дерек Ақтөбе облысының полиция Департаментінің қызметкерлерімен өзара іс-қимыл барысында анықталды, дүкеннің жалпы айналымы 50 млн теңгеден астам құрады.
Интернет-есірткі дүкені арнасының қылмыстық схемасы «Telegram» қосымшасындағы «байланыссыз қатысу» нысанында ұйымдастырылған, ал ақша қозғалысы «дропперлердің» банктік карталары арқылы жүзеге асырылған.
Барлық көрсетілген деректер бойынша Қылмыстық кодексінің 262, 297, 299-1-баптарымен (Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу, есірткі, психотроптық заттарды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді.
Жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстары мен Астана қаласының аумағында 6 адам анықталып, ұсталды.
10 кг-нан астам психотроптық заттар тәркіленді.
Тергеу органдарының пәрменді процестік әрекеттерінің нәтижесінде интернет-дүкен толығымен жойылды.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды.