Ырғыз ауданы Нұра ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік дәрігерлік пункті ашылды.
Ақтөбе облысы Ырғыз ауданына қарасты Нұра ауылында прокуратура органдарының бастамасымен мемлекетке қайтарылған заңсыз активтер есебінен салынған жаңа дәрігерлік амбулаторияның салтанатты ашылуы өтті.
Ашылу салтанатына Ырғыз ауданы прокуроры мен әкімі, мемлекеттік органдардың, қоғам өкілдері және жергілікті тұрғындар қатысты.
Шара барысында бұл нысанның ауыл халқы үшін маңыздылығын атап өтіп, мемлекеттің әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған нақты қадамы екені жеткізілді.
Аталған әлеуметтік маңызы бар нысан ауыл тұрғындарының денсаулығын жақсартуға, алғашқы медициналық-санитариялық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.
Жаңа амбулатория заманауи талаптарға сай жабдықталып, тұрғындарға сапалы әрі уақтылы медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.