«Заң мен Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Ақтөбе қаласының прокуратурасымен «Буллингке жол жоқ: прокурормен тікелей байланыс» атты ауқымды профилактикалық акциясы өткізілуде.
Акцияның мақсаты – кәмелетке толмағандарға қатысты жасалатын буллинг (қорқыту) және басқа да құқыққа қарсы әрекеттердің алдын алу және оларды болдырмау.
Акцияның негізгі элементі – балалардың құқықтарының бұзылу деректерінің жылдам, әрі құпия хабарлау жүйесін енгізу болып табылады.
Ақтөбе қаласының барлық 116 оқу орнындарында (90 мемлекеттік және 26 жеке мектептер) арнайы ақпараттық флаерлер орналастырылды.
Бұл флаерлерде Ақтөбе қаласы прокуратурасының қызметкерімен WhatsApp мессенджері арқылы тікелей байланысты қамтамасыз ететін QR-код орнатылған.
QR-кодты сканерлеу прокурормен тез арада чат бастауға мүмкіндік береді және бұл әрекет ету уақытын айтарлықтай қысқартады.
Оқушылар, олардың ата-аналары, педагогтар және басқа да азаматтар буллинг (қорқыту), физикалық немесе психологиялық зорлық-зомбылық, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты басқа да құқыққа қарсы әрекеттер туралы хабарлай алады.