Ақтөбеде прокуратура 140-тан астам кәсіпкерге қатысты заңсыз тексеріcтің алдын алды

Ақтөбеде прокуратура 140-тан астам кәсіпкерге қатысты заңсыз тексеріcтің алдын алды

Қобда ауданының прокуратурасымен РММ «Жайық-Каспий су ресурстарын пайдалану және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциясы» тарапынан кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты заңсыз тексерулер жүргізілгені анықталды.

Атап айтқанда, Қобда ауданының Бұлақ ауылдық округінде орналасқан «Қанат-2» және «Табанов» шаруа қожалықтарына негізсіз тексерулер жүргізіліп, нәтижесінде кәсіпкерлер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 141-бабының 2-бөлігі бойынша (су қорына мемлекеттік меншік құқығын бұзу) заңсыз әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Прокуратура жүргізген тексеру барысында бұл шаруа қожалықтарының жерасты су ресурстарын тек малды суару үшін ғана пайдаланғаны анықталды.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мұндай пайдалану арнаулы су пайдалануға жатпайды және рұқсат алуды талап етпейді, демек, тексеру жүргізуге ешқандай негіз болмаған.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде заңсыз әкімшілік істердің күші жойылып, ал кінәлі лауазымды тұлға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекснің 175-бабының 2-бөлігі бойынша (кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік бақылау жүргізу тәртібін бұзу) жауаптылыққа тартылды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 140-тан астам кәсіпкердің құқықтары қалпына келтірілді.