Ақтөбе облысында қарулы қақтығысқа қатысушыға қатысты айыптау үкімі шығарылды

Ақтөбе облысында қарулы қақтығысқа қатысушыға қатысты айыптау үкімі шығарылды

2025 жылғы шілдеде "М" азаматы Қылмыстық кодекстің 172-бабы бойынша шет мемлекеттің аумағындағы қарулы қақтығысқа немесе әскери іс-қимылдарға қасақана заңсыз қатысқаны үшін 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді (а.ж. қыркүйекте).

Бір мезгілде жалдамалылық, оның ішінде жалдамалыны жалдау, оқыту, қаржыландыру немесе өзге де материалдық қамтамасыз ету фактісі анықталған кезде кінәлі адам Қылмыстық Кодекстің 170-бабының 1-бөлігі бойынша одан да қатаң жаза, атап айтқанда, мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылатынына назар аударамыз.

Осыған байланысты Ақтөбе облысының прокуратурасы азаматтары заңнаманы қатаң сақтауға, аталған және басқа да құқыққа қайшы әрекеттерге қатысудан бас тартуға шақырады.