Ақтөбе прокурорлары алғаш рет тәжірибе жүзінде алаяқтықтың алдын алуда жасанды интеллект технологияларын пайдаланды.
Мемлекет Басшысы және Бас Прокурордың тапсырмаларын орындау аясында құқық бұзушылықтардың алдын алуда цифрлық платформалар құқық қорғау жүйесінің цифрлық түрлендіруіне белсенді түрде енгізілуде.
Осы бастама аясында «Керуен City» сауда орталығында интернет-алаяқтықтың алдын алу және халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Абайлаңыз, алаяқтар!» атты акция өткізілді.
Акция барысында промо-аймақтың интерактивті алаңында прокуратура қызметкерлері және еріктілерден бөлек, жасанды интеллект элементтері негізінде жасалған инновациялық «Тәртіп-Бекет» роботы жұмыс жасады.
«Тәртіп-Бекет» роботы келушілер мен азаматтарға өздерін алаяқтардан қалай қорғау керектігін, жеке және банк деректерін бөтен адамдарға жарияламаудың маңыздылығын, сондай-ақ сақтық шараларының қандай түрлері алаяқтықтан қорғайтынын түсінікті әрі ойын түрінде жеткізді.
Акцияның басты мақсаты – халықтың құқықтық мәдениетін арттыру және ақпараттандыру.
Келушілер өздерін және жақындарын, соның ішінде интернет-алаяқтардан қалай қорғауға болатыны туралы сұрақтар қойып, барлық сауалдарына толық жауап алды.
Мұндай форматтағы өзара әрекет оң нәтиже көрсетті – азаматтар «Тәртіп-Бекет» роботының жұмысына қызығушылық танытып, одан пайдалы ақпарат алды.
Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында жасанды интеллект технологияларын пайдалану арқылы осындай акциялар облыстың барлық аумағында жалғастырылатын болады.