Ақтөбе облысының прокуратурасы Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, «Еңбек» РМК-ның өкілдері мен жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен кездесу ұйымдастырды.
Кездесудің негізгі тақырыбы – қылмыстық-атқару жүйесі кәсіпорындарының мемлекеттік сатып алуларға қатысуы және сотталғандар үшін қосымша жұмыс орындарын ашу.
Іс-шара Мемлекет Басшысының ағымдағы жылдың 23 маусымда өткен құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқасында берген тапсырмаларын іске асыру аясында өткізілді.
Бұл тапсырмалар сотталғандарды жұмыспен қамтуды арттыруға және бизнес қатысуымен колонияларда өндірісті кеңейтуге бағытталған. Талқылауға облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов, прокуратура қызметкерлері және Кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.
Облыс прокурорының бірінші орынбасары Талғат Әлібаев Президент тапсырмасының өзектілігін атап өтіп, колонияларда жобаларды қолдағаны үшін әкімдік басшылығына алғысын білдірді және сотталғандарды жұмыспен қамту бойынша «Еңбек» РМК-ның өз міндеттерін орындауының маңыздылығына тоқталды.
«Еңбек» РМК-ның өкілдері еліміз бойынша 50-ден астам өндірістік алаңды біріктіретін кәсіпорынның мүмкіндіктерін таныстырып, сотталғандардың негізгі жұмыс берушісі ретіндегі рөлін атап өтті.
Кездесу барысында қатысушылар ҚАЖ мекемелерінде шығарылатын өнімдермен де танысты.
Сотталғандарды жұмыспен қамту, қадағалау қызметінің басым бағыты болып табылады.