Қ. Жұбанов атындағы университетте «Болашақ прокурор кеңестігі» жобасы ашылды

Қ. Жұбанов атындағы университетте «Болашақ прокурор кеңестігі» жобасы ашылды

«Заң мен Тәртіп» қағидасы аясында 19 қыркүйек 2025 жылы Ақтөбе қаласы Қ. Жұбанов атындағы өңірлік университетінде «Болашақ прокурор кеңестігі» жобасының ашылуы өтті.

Аталған шараға Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев және Ақтөбе қаласы Қ. Жұбанов атындағы өңірлік университетінің ректоры Лаура Қарабасова қатысты.

Салтанатты рәсім барысында сөз сөйлеген Бас Прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Бас прокуратураның бастамасымен еліміздің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында «Болашақ прокурор кеңістігі» жобасы қолға алынғанына тоқтала отырып, кезекті кеңістіктің Ақтөбе облысында ашылуы студенттерге прокуратура қызметі туралы мол мәлімет беретіндігін, құқық қорғау саласына баулып, заң үстемдігі мен әділеттілікті насихаттауға арналғанын атап өтті.

Бұған қоса, іс-шара аясында Бас Прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев студенттерге дәріс оқып, онда елімізде заң үстемдігін қамтамасыз ету, халықтың құқығы мен бостандығын қорғау – прокуратураның басты міндеті екеніне тоқталды.

Прокуратура қызметінің табысты болуы – кәсіби мамандарға байланысты екенін түсіндірді.

Осыған байланысты, аталған жобаның кадрларды дайындауда маңыздылығын ескеріп, жобаны әрі қарай дамыта отырып, оқу сапасын арттыру мақсатында студенттерге қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Сонымен қатар қонақтар Ақтөбе қаласы Қ. Жұбанов атындағы өңірлік университетінде экскурсия жасап, криминологиялық кабинетімен және «Heriot Watt» Британ университетінің жұмысымен танысты.