Құқық қорғау қызметінің жұмысына цифрландыруды енгізу

Құқық қорғау қызметінің жұмысына цифрландыруды енгізу

Құқық қорғау қызметінің жұмысына цифрландыруды енгізу.

     Құқық қорғау қызметінің жұмысын жетілдіру үшін цифрландыру әселелері аса маңызды және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру шеңберінде Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес келеді.

      Ақтөбе облысының прокуратурасы үй қамақ түріндегі бұлтартпау шарасын орындаумен байланысты проблемалық мәселелерді талдаудың нәтижелері бойынша ақпараттық технологияларды пайдаланудың негізінде тиісінше бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған шаралар әзірледі.

  Бақылауды арттыру үшін Ақтөбе облысының әкімдігі әзірлеген смартфондарда орнатылған мобильді қосымшаларды пайдалана отырып, геолокациялық жүйелер арқылы қашықтан бақылауды қамтамасыз ететін бағдарлама пайдаланылады.

       Қаланың картасында бақыланатын адамды белгілеу, оның ішінде жүйенің мерзімді түрде қосымшаның камерасынан (қаланың картасында белгілей отырып) фото есеп (селфи) сұратуы жүйе жұмысының ерекшілігі болып табылады, бұл тұрғылықты жері бойынша смартфонды қалдырып кетуді болдырмайды.

      Бүгінгі таңда облыс орталығында жобаны іске асыру басталғаннан бастап бір ай ішінде үй қамақ түріндегі бұлтартпау шарасын орындау тәртібін бұзушылық анықталған жоқ.

     Бұдан басқа, цифрлық технологияларды пайдалану полиция органдарының жүктемесін айтарлықтай төмендеуге мүмкіндік береді, бұл қызметтің басқа салаларындағы жұмыстың тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

   Бас прокуратура полицияның жұмысында ақпараттық жүйелерді пайдалануға оң баға берді, еліміздің басқа өңірлері бойынша осы тәжірибе таратылды.

 Ақтөбе облысының прокуратурасының баспасөз қызметі