Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес, прокуратура органдарымен қайтарылған қаражат есебінен Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Ноғайты ауылында 40 келушіні қабылдайтын фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылыс жұмыстары аяқталды.
Ашылған фельдшерлік-акушерлік пункт халыққа дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету, дәрігердің тағайындауларын дер кезінде және толық көлемде орындау, алдын алу іс-шараларын, оның ішінде халықты иммундау және т.б. шараларды жүзеге асырады.
Қайтарылған активтер тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталып, ел игілігі үшін пайдаланылуда.