Бизнесті қорғау – қадағалаудың басым бағыты

Бизнесті қорғау – қадағалаудың басым бағыты

А.ж. Ақтөбе облысының прокуратурасымен 300-ден астам кәсіпкерлердің құқықтары қорғалып, лауазымды тұлғалардың бизнеске заңсыз араласуының 6 деректері анықталды.

Мысалы, облыс прокуратурасымен «Ақтөбе» ӘКК индустриялық аймағының 17 инвесторларының электр энергиясын «босату тарифі» бойынша төлем жасаудың орнына заңды тұлғалар үшін белгіленген тариф бойынша тұтынып, артық төлем жасағандарын анықтады.

Қабылданған шаралар нәтижесінде инвесторлар үшін тариф 11 теңгеге төмендетілді (49,99 теңгеден 38,86 теңгеге дейін).

Тағы мысал, прокурордың апелляциялық өтінішхатымен кәріз жүйелеріне техникалық қызмет көрсету жұмыстарын атқарған «Техносервис» ЖШС-нің мүдделері қорғалды.

Шарт талаптарын орындағанына қарамастан, тапсырыс беруші қызметтерге ақы төлеуден бас тартқан.

Сот кәсіпкердің пайдасына 100 млн теңгеден астам қаражат өндірді.

Барлық деректер бойынша прокурорлық ден қою актілері қабылданып, кәсіпкерлердің құқықтары қалпына келтіріліп, мемлекеттік органдардың кінәлі тұлғалары жауапкершілікке,  оның ішінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 173-бабымен тартылды.