Сотталғандарды жұмыспен қамыту – басты бағыт

Сотталғандарды жұмыспен қамыту – басты бағыт

Ақтөбе облысының прокуратурасы облыстық Кәсіпкерлер палатасының алаңында сотталғандарды жұмыспен қамтуды кеңейту және өңір кәсіпкерлік субъектілерін қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде өндіріс ашуға және кеңейтуге тарту мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шара 2025 жылғы 23 маусымда құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқасында Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды іске асыру аясында өткізілді.

Атап айтқанда, колония жағдайында өндірісті кеңейтуге кәсіпкерлерді белсенді тарту арқылы сотталғандардың жұмыспен қамтылуын арттыру туралы тапсырмалар.

Дөңгелек үстел жұмысына облыс прокуратурасы, облыстық Кәсіпкерлер палатасы, «Даму» КДҚ АҚ филиалы, Халық банкі, облыс әкімдігінің кәсіпкерлік, жұмыспен қамтуды үйлестіру, мемлекеттік сатып алу, құрылыс басқармаларының, қылмыстық-атқару жүйесі органдарының өкілдері, сондай-ақ бизнес субъектілері мен ірі жер қойнауын пайдаланушылар, қазіргі уақытта қылмыстық-атқару мекемесінде өндіріс жүргізіп отырған кәсіпорындар және «Еңбек» РМК филиалы қатысты.

Облыс прокурорының бірінші орынбасары Талғат Әлібаев Президент тапсырмасының маңыздылығы мен өзектілігін атап өтіп, колонияда сотталғандарды жұмыс орындарымен қамтамасыз ету бойынша әлеуметтік міндет атқарып отырған кәсіпкерлерге алғысын білдірді, мұндай әріптестіктің артықшылықтарына тоқталды.

Сондай-ақ, дөңгелек үстелге қатысушыларға орташа қауіпсіздік мекемесінің аумағында шығарылатын өнімдермен танысу мүмкіндігі ұсынылды.

Бұл мақсатта Кәсіпкерлер палатасының ғимаратында арнайы көрме ұйымдастырылды.