Амнистия туралы заң қылмыстық саясатты ізгілендіруге бағытталған

Амнистия туралы заң қылмыстық саясатты ізгілендіруге бағытталған

2025 жылғы 23 маусымдағы «Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңының талаптарын іске асыру мақсатында Ақтөбе облысының прокуратурасымен оны қолданудың заңдылығы мен негізділігін қамтамасыз ету аясында жұмыстар жүргізілуде.

Аталған Заңның талаптары мемлекеттің жекелеген азаматтар санатына қатысты гуманизм актісін жасауға бағытталған.

Рақымшылық Заң күшіне енген күннен бастап алты ай ішінде қолданылады. Осы мерзім ішінде құқық қорғау және сот органдары рақымшылыққа жататын істерді қарап, белгіленген тәртіппен шешім қабылдауы тиіс.

Рақымшылық 2025 жылғы 24 маусымға дейін жасалған құқықбұзушылықтар бойынша келесі тұлғаларға қатысты қолданылады:

- қылмыстық теріс қылықтар және онша ауыр емес қылмыстар жасаған;

- залал келтіруге алып келмеген не оны толық өтеген немесе олар бойынша азаматтық талап қойылмаған ауырлығы орташа қылмыстар жасаған;

- залалдың немесе азаматтық талап қоюдың бар-жоғына қарамастан, ауырлығы орташа қылмыстар жасаған әлеуметтік жағынан осал тұлғалар босатылады.

Прокуратура Заң талаптарының қатаң сақталуын қадағалау шеңберінде тұрақты түрде бақылау жүргізеді. Бұл ретте жәбірленушілердің құқықтарын қорғауға, әділеттілік қағидаттарын сақтауға және қайталап қылмыс жасалуына жол бермеуге баса назар аударылады.

Аталған Заңның орындалуы прокуратура органдарының тұрақты бақылауында болады.