Актөбе облысы прокуратурасының арнайы прокурорларымен №8 мекемеде сотталғандар тарапынан бейнебақылау камераларын бүлдіру дерегі бойынша қылмыстық іс аяқталды.
2024 жылы қараша айында кісі өлтіргені үшін сотталған А.Жармұханов адамдар тобы болып, тонау және ұрлық үшін сотталған Р.Жұмашевпен бірге, Актөбе қаласындағы №8 мекеме камерасында, белгіленген ішкі тәртіп режимін бұзу мақсатында бейнебақылау жүйесін және оның құрамдас бөлшектерін әдейі бүлдірген.
Осыған ұқсас жағдай, 2024 жылдың желтоқсан айында сотталған А.Жармұханов, №8 мекеменің серуендеу алаңында болып, белгіленген тәртіп режимін бұзу мақсатында бейнебақылау жүйесін қасақана бүлдірген.
Аталған барлық деректер бойынша ҚК-нің 428-1-бабының 3-бөлігімен (Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде, тергеу изоляторларында, уақытша ұстау изоляторларында бейнебақылау жүйесін, сол сияқты оның компоненттерін қасақана жою немесе бүлдіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді.
Актөбе қаласының №2 сотының 2025 жылғы 16 мамырдағы үкімімен аталған тұлғалар кінәлі деп танылып, бұрынғы тағайындалған жазалар жиынтығымен 7 және 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.