Ақтөбе облысы прокуратурасының Арнайы прокурорлары сотты құрметтемеу және бұзақылық фактілері бойынша қылмыстық істі аяқтады.
Атап айтқанда, 27 ақпан 2024ж. сотпен қылмыстық іс материалдарын қарау барысында, сотталушы А.Кенжегалиева сотты құрметтемеушілік танытып, әдепсіз сөздерді қолданып, соттың денсаулығына зиян келтіремін деп қорқытып, сот отырысында орналасқан трансляция компьютерінің мониторын зақымдаған.
28.05.2025 жылы Ақтөбе қаласының №2 сотының үкімімен А.Кенжегалиеваға Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша, яғни сотты құрметтемегені және бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
11.07.2025 жылы Ақтөбе облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасымен прокурордың апелляциялық өтінішхаты негізінде А.Кенжеғалиеваға қатысты сот үкімі өзгертіліп, оған бас бостандығын шектеу мерзімі 1 жыл 6 айға дейін ұлғайтылды.