Рақымшылық заңының қолдануын, жазадан өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру бойынша өзекті мәселелер туралы дөңгелек үстел

Рақымшылық заңының қолдануын, жазадан өтеуден шартты түрде мерзімінен  бұрын босату және жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру бойынша өзекті мәселелер туралы дөңгелек үстел

Облыс прокурорының бірінші орынбасары Т.Әлібаевтың төрағалығымен облыстық сотының судьяларының, қылмыстық –атқару жүйесінің, қылмыстық қудалау органдарының және прокуратура қызметкерлерінің қатысуымен рақымшылық заңының қолдануын, жазадан өтеуден шартты түрде мерзімінен  бұрын босату және жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру бойынша өзекті мәселелер туралы дөңгелек үстел өтті.

Облыс прокурорының бірінші орынбасары Т.Әлібаев және іс-шараға қатысушылар бұл институттардың маңыздылығын және сотталғандарға, қылмыстық жауапкершілікке тартылғандарға жаңа мүмкіндіктер беретінін атап өтті.

Отырыс барысында заңдарды қолдану тәртібі мен өзекті және проблемалық мәселелер талқыланып, бірлескен шешім қабылданды.