Мемлекет басшысының бастамасымен «Заң мен Тәртіп» апталығы басталды.
Аталған акция аясында Ақтөбе облысы мен қаласының прокуратурасы «Жекпе-жек» спорт кешенінде екі күнге созылған дзюдодан турнир ұйымдастырды.
Жарысқа Ақтөбе облысы мен республиканың бірқатар өңірлерінен 12 мен 14 жас аралығындағы 120 жасөспірім 9 салмақ дәрежесінде қатысты.
Жарыстың ашылуында Ақтөбе облысы прокуратурасы аппаратының басшысы Асхат Бекмуканов пен Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет құттықтау сөз сөйледі.
Жарыстың басты мақсаты – жастарды салауатты өмір салтына баулу, оларды спортқа тарту, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және есірткі қылмыстарымен күресу.
Жарыс жеңімпаздарына Ақтөбе облысының прокурорының атынан грамоталар, сертификаттар және естелік сыйлықтар табыс етілді.