Мемлекет басшысының бастамасымен «Заң мен Тәртіп» апталығы басталды.
Аталған акция аясында Ақтөбе облысы мен қаласының прокуратурасы «Жекпе-жек» спорт кешенінде екі күнге созылған дзюдодан турнир ұйымдастырды.
Жарысқа Ақтөбе облысы мен республиканың бірқатар өңірлерінен 12 мен 14 жас аралығындағы 120 жасөспірім 9 салмақ дәрежесінде қатысты.
Жарыстың ашылуында Ақтөбе облысы прокуратурасы аппаратының басшысы Асхат Бекмуканов пен Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет құттықтау сөз сөйледі.
Жарыстың басты мақсаты жастарды салауатты өмір салтына баулу, оларды спортқа тарту, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және есірткі қылмыстарымен күресу.
Жарыс жеңімпаздарына Ақтөбе облысының прокурорының атынан грамоталар, сертификаттар және естелік сыйлықтар табыс етілді.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП