Бас Прокурордың тапсырмасы аясында «Заң және Тәртіп» қағидасын іске асыруда облыс прокурорының м.а. Талғат Әлібаевтың төрағалығымен құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде қабылданып жатқан шаралардың тиімділігі мен ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелері жөнінде Үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.
Жиынға облыс әкімі, үйлестіру кеңес мүшелері, облыстық мәслихаттың төрағасы, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өкілі, құқық қорғау және прокуратура органдарының ардагерлері мен қызметкерлері, ҮЕҰ-дың өкілдері және қоғам белсенділері қатысты.
Кеңес жұмысының 1-ші бөлімінде облыс прокуратурасы, құқық қорғау органдары қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдары және ардагерлер қылмыстылықтың жағдайы, оның ішінде есірткі қылмыстары, интернет-алаяқтық, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық, сондай-ақ кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар жөнінде баяндамалар жасады.
Өңір басшысы Асхат Шахаров, «Заң және Тәртіп» қағидасына негізделген мемлекет қана қауіпсіз қоғам мен тұрақты құқықтық жүйені қамтамасыз ететінін және әрбір азаматтың құқықтық тәртіпті сақтауда өз жауапкершілігін сезіну маңызды» - екенін атап өтті.
Облыс прокурорының м.а. Талғат Әлібаев қылмыспен қоғам болып күрескен жағдайда оңды нәтиже беретінін шегелеп өтті.
Кеңес жұмысының 2-ші бөлімінде ақпараттық жүйелерді пайдалану, жол-көлік оқиғаларын есепке алу, құқықтық статистика және арнайы есепке алу бойынша цифрлық жүйелер ұсынылды.
Бұдан бөлек, құқық бұзушылықтардың алдын алу және құқықтық ағарту саласындағы бастамаларды іске асыратын ҮЕҰ өкілдері де өз жобаларымен бөлісті.
Жұмыс соңында аймақтағы құқықтық тәртіпті нығайтуға зор үлестерін қосқан қоғам белсенділері облыс прокурорының алғыс хаттары және арнайы сыйлықтарымен марапатталды.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
#Жауапкершілік