БП
Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Қызметі
Прокуратура туралы
Онлайн қабылдау
Все материалы
19 сентября 2024
Азаптауға қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар

Ақтөбе облысы прокуратурасының ұйымдастыруымен «Азаптаудың алдын алудың өзекті мәселелері» тақырыбында форум өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – азаптау фактілерінің жолын кесу және рұқсат етілмеген тергеу әдістеріне мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру

Форумға, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің облыс бойынша өкілі, Ұлттық алдын алу тетігінің Ақтөбе облысы бойынша топ жетекшісі,Қоғамдық бақылау комиссиясының өкілі және т.б. қатысты.

Іс-шара барысында облыс прокуроры Х.Дәуешов, азаптаулардың алдын алу бойынша кешенді шаралар қабылданып жатқанын атап көрсетті.

Сонымен қатар, қылмыстық қудалау органдарының бірінші басшыларымен өз қатарларында азаптаулардың алдын алу, ұсталғандарды азаптау мен басқа да қатыгездік көрсетудің барлық көріністерін жою бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

Қатысушылар қадағалау органына адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауда тиімді шешу алаңын ұсынғаны үшін, алғыстарын білдірді.

Облыс прокуроры Х.Дәуешов прокуратураның азаптаулардың алдын алуда сындарлы диалогқа ашықтығын көрсетіп, қадағалаудың тиімділігін арттыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

10 сентября 2024
Жалған терроризм үшін жауапкершілік қарастырылған

Ағымдағы жылдың басынан бері Ақтөбе облысында терроризм актiлерi жалған хабарлау әрекеттер туралы 20-дан астам жалған хабарлама тіркелген. Барлық фактілер бойынша қылмыстық істер тіркелді.

Осы жылы қол сұғушылық объектілері – 16 мекемелер мен ұйымдар (оның ішінде білім беру ұйымдары – 13; өзге де объектілер – 3) шабуылдардың нысанасына айналды.

Мұндай хабарламалар тыныс-тіршіліктің қалыпты ритмін бұзады, адамдар эмоционалды күйзеліске ұшырайды, барлық мекеменің қалыпты жұмысы бұзылады, авариялық-құтқару қызметтері өз күштері мен ресурстарын алаңдатуға мәжбүр болады, айтарлықтай бюджет қаражаты жұмсалады.

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін 5 мың АЕК (18 млн. теңгеден астам) мөлшерінде айыппұл түріндегі, 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруға қылмыстық жауаптылық (Қылмыстық кодекстің 273-бабы) көзделгенін естеріңізге саламыз.

Бұл ретте, барлық арнаулы қызметтердің барғаны және жұмсалған бюджет қаражаты үшін құқық бұзушыға сот тәртібімен азаматтық талап қойылады.

Ал егер кінәлі – 14 жасқа дейінгі бала не өзінің табыс көзі жоқ кәмелетке толмаған бала болса, залалды оның ата-анасы немесе заңды өкілдері өтейді (Азаматтық кодекстің 925, 926-баптары). Бұның өзі қазірде материалдық жауапкершілік.

Айта кету керек, әрбір осындай факт бойынша жан-жақты тергеу жүргізіліп, қылмыскерлерді анықтау мәселесі қиындық туындатпайды.

Мысалы, ағымдағы жылғы 24 ақпанда белгісіз біреу Мұғалжар ауданының полициясына Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы, «Жастық шағын ауданының» №31 үйінде жарылғыш құрылғылар салынғанын хабарлаған. Фактілер расталған жоқ.

Жедел іздестіру шаралары барысында күдікті анықталды, ол қамауға алу кезінде мас болғандықтан қоңырауы бойынша нақты түсініктеме бере алмаған. Осы жылғы 31 шілдеде сот оны екі жылға бас бостандығынан айырды.

Кәмелетке толмаған азаматтарға қылмыстық жауаптылықк 14 жастан басталады. Мұндай қылмыстар жасағаны үшін кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу бойынша міндеттерді орындамағаны үшін олардың ата-аналары немесе заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 127-бабы).

Жаза 20 АЕК (73 840 тг.) дейінгі мөлшерде айыппұл салуды немесе 10 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуды көздейді. Бұл ретте, жасөспірім кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшелерде есепке қойылады.

Осыған байланысты, Ақтөбе облысының прокуратурасы ЕСКЕРТЕДІ: терроризмнің жалған фактілері туралы хабарламаңыз және бұл туралы балаларыңызға ескертіңіз, өйткені, кез-келген, бір қарағанда, зиянсыз әзіл Сіз үшін үлкен айыппұлға немесе басқа да әкімшілік жауапкершілікке немесе  бас бостандығынан айыруға дейінгі қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғуы мүмкін. Балаларыңыздың назарын жауаптылыққа, олардың әрекеттері үшін жауап берудің қажеттігі мен маңыздылығына аударыңыз - олардың болашағы тек Сіздердің қолдарыңызда екенін ұмытпаңыздар.

06 сентября 2024
Ақтөбеде табиғатты ластағаны үшін кәсіпорынға 2,9 млрд теңгеге айыппұл салынды

Ақтөбенің табиғат қорғау прокурорлары «Восход Хром» ЖШС-нің қызметінде Хромтау ауданында хром кенін өңдеу кезінде бұзушылықтарды анықтады.

Атап айтқанда, кәсіпорын 2022 жыл ішінде міндетті экологиялық рұқсатсыз жұмыс жасаған.

Тиісінше, осы кезеңдегі барлық эмиссиялар, бұл атмосфераға 52 тоннадан астам ластаушы заттардың шығарындылары (бейорганикалық шаң, 3 валентті хром, магний оксиді және т.б.), сондай-ақ жалпы 395 мың тонна көлемінде орналастырылған ірі кесек және шламды байыту қалдықтары нормативтен жоғары, яғни заңсыз деп танылды.

Табиғат қорғау прокуратурасының шараларымен кәсіпорынға экологиялық рұқсатсыз қызметті жүзеге асырғаны үшін, 2,9 млрд теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Серіктестік әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулыға сот тәртібімен шағым жасалды.

Облыстық соттың бірінші және апелляциялық сатылары айыппұлды заңды деп таныды.

04 сентября 2024
Темір ауданындағы мектеп оқушысының өліміне қатысты

Бас Прокурордың тапсырмасы бойынша Темір ауданы, Қопа ауылындағы Қопа орта мектебінің 9-10-11 сынып оқушылары арасындағы кикілжін салдарынан 9-сынып оқушысының өлімімен аяқталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру, облыс прокуроры Х.З.Дәуешовпен жеке бақылауға алынды.

Қылмыстық іс аясында ҚР ҚПК-нің 128-бабының тәртібімен кәмелетке толмаған 2 күдікті  ұсталып, Темір аудандық сотымен 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Оқиға бойынша тергеп-тексеруді Ақтөбе облыстық полиция департаментінің жедел-тергеу тобы жүргізуде.

Қадағалауды жүзеге асыру, тәжірибелі процессуалдық прокурорлар тобына жүктелді.

Аталған қылмыстың орын алуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды зерделеу үшін, ауданға арнайы комиссия жіберілді.

Облыстық прокуратурамен жергілікті атқарушы органның атына Темір ауданы әкімінің, облыстық және аудандық білім бөлімі басқармаларының лауазымды тұлғаларының жауапкершіліктерін шешу жөнінде ұсыну енгізілді.

Бүгінгі күні, қадағалау актісімен Қопа ауылындағы мектептің директоры Р.Е.Қаржауов қызметінен босатылды.

Басқа мәліметтер, тергеу мүддесіне қатысты жарияланбайды.

29 августа 2024
Ақтөбе облысында халықаралық маңызы бар жолдарда жол апаты қаупі жоғары

Ағымдағы жылы Ақтөбе облысының халықаралық тас жолдарында орын алған жол-көлік оқиғалары салдарынан 95 адам қаза болып, оның 15-і балалар. Оның бір себебі – жолдың нашар жағдайы.

Ақтөбе облысы прокуратурасымен Көлік министрлігіне заң бұзушылықтарды жою туралы қадағалау актісі жолданды. Қарау нәтижесінде, «Самара-Шымкент» тас жолына кешенді зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Бұдан бас себепке – зардап шеккендерге дер кезінде медициналық көмек көрсетпеумен байланысты.

Автомобиль тас жолдарында ұялы байланыстың жоқтығы және жол-көлік оқиғасы болған жағдайда білікті медициналық көмек көрсету мүмкінсіздігі өлімге әкеліп соғады.

Аталған мәселені шешу мақсатында облыс прокуратурасының бастамасымен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-мен арнайы комиссия құрылды.

Біз, жүргізушілерді жолда мұқият болып, жол қозғалысы ережесін қатаң сақтауға шақырамыз.

27 августа 2024
Ақтөбеде қайтыс болғандар баспанаға үміттенген

Ақтөбе облысының прокуратурасы тұрғын үй алу кезегін уақтылы түгендеу бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметіне талдау жүргізді.

Ақтөбе облысында 36 мыңнан астам адам кезекте тұр, оның ішінде көп балалы отбасылар, жетім балалар мен халықтың әлеуметтік осал топтарына жататындар.

Басқа елді мекенге тұрақты тұруға кеткен, еңбек қатынастары тоқтатылған және тұрғын үйді жекешелендіріп үлгерген 100-ден астам азамат баспанаға мұқтаждардың дерекқорынан шығарылмаған.

Сонымен қатар, мұқтаж азаматтардың тізімінде  қайтыс болған 11 азамат кезекте тұрған.

Талдау нәтижесімен коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың кезектегі тізімдерін түгендеу жұмыстары жергілікті атқарушы органдар тарапынан дұрыс жүргізілмегені анықталды.

Аталған фактілер бойынша прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, заң бұзушылықтар жойылды.

22 августа 2024
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына прокуратура органдарына алғаш рет қызметке тұратын адамдар үшін бастапқы кәсіптік даярлыққа іріктеу үшін әңгімелесі өткізу КЕСТЕСІ

Әңгімелесу күні

Үміткердің Т.А.Ә.

27 тамыз 2024 жыл

сағат 16.00-де

Ерубаев Султан Серикович

Алдашев Бағдат Бимұқанбетұлы

Бақтыбергенов Толқын Дүйсенбіұлы

Ибрагимов Рауль Рахманоглы

Жаманбаева Айжан Сериккызы

Тыныштык Айсултан Кайратулы

Ахшаханов Абулхаирхан Абылайханович

Қонысбаев Алмас Мирболатұлы

Жамиева Эльмира Сәбитқызы

28 тамыз 2024 жыл

сағат 16.00-де

Ратжанова Камила Кенжеқызы

Умирова Гаухар Алтынбековна

Жолмырзаев Жәнібек Бекмұратұлы

Дуйсеней Нурсултан Женісұлы

Жубаниязов Серик Мухитович

Сембин Абзал Ерболұлы

Назданов Нұрбол Мұратбайұлы

Қоянбаева Қаммар Бақытжанқызы

әңгімелесу Ақтөбе облысы прокуратурасының ғимаратында өткізіледі Ө.Сейітов көшесі 6 (акт залы, 6 қабат)

15 августа 2024
Инвесторларды қорғау – қадағалау векторы

Президент прокуратура органдарына өзекті және басты бағыт – инвестициялық жобаларды қолдауды және инвестицияларды қорғауды жүктеді.

Өңірдегі инвестициялық қызметті цифрландыру мақсатында облыс әкімдігімен бірлесіп, республикада бірінші болып «Жасыл дәлізге» қатысушы куәліктер әзірлеп, енгіздік.

Осыған орай облыс прокуроры Халидулла Дәуешов пен облыс әкімі Асхат Шахаров өңірде түрлі жобаларды жүзеге асырып жатқан инвесторлармен кездесу өткізді.

Бұл шараға облыстық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, сондай-ақ облыс прокуратурасының қызметкерлері қатысты.

Кездесудің мақсаты – проблемалық мәселелерді талқылау және инвесторларға инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды жеңілдету және жеделдету үшін артықшылықтар беретін «Инвестор куәлігін» беру.

Жалпы, облыста жалпыұлттық пулға енгізілген 2,3 трлн теңгенің 27 жобасы жүзеге асырылуда.

Бүгінгі таңда құны 225 млрд теңгеден асатын инвесторлардың 13 проблемалық ісі оң шешімін тапты.

Кездесуде инвесторлар инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда көрсеткен қолдауы үшін облыс прокуратурасына алғыстарын білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша «Жасыл дәліз» жобасының қатысушылары, 27 инвесторға «Инвестор куәліктері» табыс етілді.

Инвесторлардың құқықтарын жан-жақты қорғау жұмыстары жалғасуда және облыстық прокуратураның ерекше бақылауында.

07 августа 2024
Ақтөбеде прокурорлар үлескерлердің заңсыз ақша тартуын тоқтатты

Еліміздің заңнамасында тұрғын үй кешендерін салуға үлескерлердің қаражатын тарту тәртібі нақты белгіленген.

Алайда, кейбір жосықсыз құрылысшылар түрлі тетіктерді пайдаланып, азаматтарды адастырып, олармен алдын ала сатып алу-сату шартын жасаса да, іс жүзінде оларды үлескер ретінде тартады.

Кейін олар құрылыс мерзімін кешіктіріп, тұрғындардың негізді наразылығын тудыруда.

Осылайша, Ақтөбе облысының прокуратурасымен қабылданған шаралармен «Алаш Орда-1» тұрғын үй кешені мен «AviatorPremium» тұрғын үй кешенінің құрылыс салушысына алаяқтық жасап, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 200-ден астам үлескерлердің 1,8 млрд теңгеден астам сомаға қаражат тартқан (үкім заңды күшіне енген жоқ).

Сондай-ақ, қазіргі таңда 7 проблемалық үйдің 2 құрылыс салушысына қатысты қылмыстық істер сотта қаралуда.

Ақтөбе облысының прокуратурасы азаматтардың құқықтарының бұзылуына жол бермеу мақсатында құрылыс салушылар тарапынан азаматтардың құқықтарын бұзу фактілерін анықтау және алдын алу бойынша бұқаралық ақпарат құралдарына тұрақты түрде мониторинг жүргізеді.

Үлескерлерден ақша тартуға рұқсатсыз пәтерлерді сатқаны үшін ӘҚБтК-нің 320-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 8 жосықсыз құрылыс салушы үлескерлерден ақша тартуға рұқсатсыз пәтерлерді сатқаны үшін 6 млн теңгеден астам айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Осылайша, Ақтөбе облысының прокуратурасы үлестік құрылыс нарығында азаматтардың құқықтарының сақталуын және олардың өз пәтерлерін уақытылы алу құқықтарының бұзылмауын қамтамасыз етеді.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

06 августа 2024
Ақтөбе облысындағы балабақшалардың жұмысшыларына жалақыға қажетті үстемақылар қосылмаған

Ақтөбе облысының прокуратурасы 2022-2024 жылдар аралығында Хромтау және Ойыл аудандарындағы балабақша қызметкерлерінің жалақысына қосымша ақылар есептелмегенін анықтады.

Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес ешкімнің еңбек саласындағы құқықтарын шектеуге болмайды. Әркімнің еңбек әлемінде өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруға тең мүмкіндіктері бар.

Тексеріс барысында Хромтау қаласындағы балабақшалардың бірінің 39 қызметкері ешқандай тәртіптік жазасыз ұзақ уақыт бойы талап етілетін жалақысына үстемақы алмағаны анықталды.

Ал, аталған ұйымның 19 қызметкері тәртіптік жазаға тартылған болса да, 500 мың теңгеден астам сыйақы алған.

Тексерумен 36 қызметкерге 250 000 теңгеден 450 000 теңгеге дейін, ал қалған 47 қызметкерге 50 000 теңгеден 70 000 теңгеге дейін екі айлық еңбекақы төленіп, әртүрлі мөлшердегі үстемеақылардың төлену фактілері анықталды.

Сондай-ақ, Ақтөбе облысының Ойыл ауданында 33 қызметкерге үстеме жұмыс істегені үшін жалпы сомасы 3 миллион теңгеден астам жалақыға үстемақы төлемеу фактілері анықталды.

Прокурорлық қадағалау шараларының негізінде аталған жұмысшылардың құқықтары қалпына келтіріліп, кінәлі лауазымды тұлғалар әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Социальные сети
youtube
telegram
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы