Іссапар аясында азаматтарды жеке қабылдау ұйымдастырылып, сондай-ақ инвесторлармен және кәсіпкерлермен кездесу өтті. Кездесу барысында бизнес субъектілерінің құқықтарын қорғау және мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мәселелері бойынша өзекті проблемалар талқыланды.
Сонымен қатар, М. Бақытбекұлы Шортанды ауданының Научный ауылында орналасқан А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығына барды. Сапар барысында мекеме басшылығы орталықтың ағымдағы қызметімен, аграрлық инновациялармен, ғылыми жетістіктермен, сондай-ақ дәнді дақылдардың селекциясы мен тұқым шаруашылығы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстырды.
Ерекше назар дәлірек егіншілік элементтерін енгізу, құрғақшылыққа төзімді бидай сорттарын шығару және орталықтың еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөліне аударылды. Прокурордың орынбасары ғылым мен бизнестің өзара іс-қимылының маңыздылығын, сондай-ақ ғылыми бастамалар мен аграрлық өндірісті құқықтық қолдаудың қажеттілігін атап өтті.
Сапар қорытындысы бойынша өзекті мәселелер бойынша ұсыныстар беріліп, алдағы өзара іс-қимылдың жолдары белгіленді.
#ЗАҢменТӘРТІП
Ақмола облысының прокуратурасы