Рецидивтің алдын алу жөніндегі жобаны іске асыру шеңберінде аудан прокуратурасы пробация қызметімен және жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп ағымдағы жылдың 19 мамырында пробациялық бақылауда тұрған адамдардың тұру жағдайларына тексеру жүргізді.
Іс-шара профилактикалық сипатта болды және қайта құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталды.
Өткізілген тексеріс нәтижелері бойынша есепке қою кезінде көрсетілген мекенжай бойынша пробация есебінде тұрған тұлғалардың болмауының екі фактісі анықталды.
Қазіргі уақытта аталған азаматтардың орналасқан жерін анықтауға, сондай-ақ олардың болмау себептерін анықтауға бағытталған шаралар қабылданды.
#ЗАҢменТӘРТІП
Ақмола облысының прокуратурасы