«Рецидив превенциясы» жобасы аясында, сондай-ақ қылмыстың қайталануының алдын алу мақсатында Егіндікөл ауданы прокуратурасының бастамасымен пробациялық бақылаудағы сотталған тұлғалардың қатысуымен ашық процесс ұйымдастырылды.
Осылайша, 2024ж. сот аудан тұрғынын ұрлық жасағаны үшін 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу және пробациялық бақылау орнатуға соттай отырып үкім шығарған.
Алайда, бақылауда болғанына қарамастан, соңғысы тиісті қорытынды жасамаған және жазаны өтеу ережелерін бұзуды жалғастырды.
Осыған байланысты, пробация қызметі жазаны ауыстыру туралы ұсыну жолдаған.
Сот қаулысымен бас бостандығын шектеу түріндегі жазаның өтелмеген бөлігі 3 жыл және 2 күн мерзімге бас бостандығынан айыруға ауыстырылды (заңды күшіне енген жоқ).
Ақмола облысының прокуратурасы заң мен тәртіпті қатаң сақтауға шақырады.
#ЗАҢменТӘРТІП
Ақмола облысының прокуратурасы