Ерейментау ауданының прокуратурасымен жастар арасында спорттық жарыстар өткізілді

Ерейментау ауданының прокуратурасымен жастар  арасында спорттық жарыстар өткізілді

Бас Прокурор Берік Асыловтың тапсырмасы негізінде Ерейментау ауданының прокуратурасымен жастар арасында бұқаралық спортты және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында оқушылар мен студенттер арасында жүгіру бойынша спорттық жарыстар өткізілді.

Спорттық іс-шараға «Жас Ұрпақ» жастар бірлестігінің қатысушылары белсенді түрде қатысты.

Бұл жоба Ақмола облысының прокуратурасының бастамасымен жүзеге асырылып, балаларды ұлттық мұра рухында тәрбиелеуге, аға ұрпақты құрметтеуге, этикет пен құқықтық сауаттылыққа үйретуге бағытталған.    Жобаның басты міндеттерінің бірі - кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады.

Бұл бастама Мемлекет басшысының «Заң және Тәртіп» саясатын көрсете отырып, жастарды тәрбиелеудегі маңызды қадам болды.

Сондай-ақ, бұқаралық спортты дамыту Қазақстанның мемлекеттік саясатының маңызды бағыттарының бірі болып табылады.

Бұқаралық спортты халық арасында насихаттау салауатты ұлтты қалыптастырудың кілті болып табылады.

Жарыс жеңімпаздары медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

#ЗАҢ_және_ТӘРТІП


 Ақмола облысының прокуратурасы