Біржан сал ауданының Үлгі ауылындағы оқушылармен кездесу

Біржан сал ауданының Үлгі ауылындағы оқушылармен кездесу

Біржан сал ауданының прокуратурасы уәкілетті мемлекеттік органдар өкілдерінің Үлгі ауылындағы Жалпы білім беру мектебінің ұстаздары мен оқушыларымен кездесуіне қатысты.

Мектепке келу барысында аудан прокуроры А.Қ. Құлышев оқу орынның қызметі және жабдықталуымен, сондай-ақ оның мұражайымен танысты.

«Youtube» платформасында 12 мыңнан астам жазылушылары бар және аудандағы маңызды оқиғаларды қамтитын жеке интернет арнасы бар «Kazgorodok TV» мектеп телестудиясына ерекше назар бөлінді.

Мектеп мәжіліс залында оқушылармен және түлектермен кездесу өткізіліп, онда Мемлекет басшысының «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасының негізгі талаптары түсіндіріліп, есірткінің таралауы, «лудомания» және интернет-алаяқтық сияқты заманауи зиянды құбылыстар туралы баяндалды.

Емтихан мен жазғы демалыс кезеңінің жақындағанын ескере отырып, оқытушылар құрамын қорытынды емтихандар мен ҰБТ аясында балалардың суицидінің профилактикасына, ал оқушыларды су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауға назар аударылды.

Іс-шарада «сұрақ-жауап» форматы қолданылып, оқушыларға салауатты өмір салтын ұстанып, жоғары білім алуға және «жұмысшы мамандықтарын» меңгере отыра Қазақстанның дамуына үлес қосуға кеңес берілген.

Сондай-ақ, жеке оқушыларға жоғары оқу орындарын аяқтағаннан кейін Ақмола облысы Қосшы қаласындағы Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау академиясында арнайы дайындықтан өту арқылы прокурорлар қатарына қосылу ұсынылды.

Кездесу соңында психологиялық тренинг өткізіліп, естелік фотосуреттер түсірілді.

 

#ЗАҢ_және_ТӘРТІП


 Ақмола облысының прокуратурасы