Облыс прокуратурасы, облыс әкімдігі және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы өңірдің кәсіпкерлері мен инвесторларымен кездесу ұйымдастырды.
Кездесу барысында кәсіпкерлер мен инвесторлардың өзекті мәселелері көтеріліп, оларды шешу жолдары талқыланды. Қатысушылар нақты ұсыныстарын білдірді.
Ақмола облысының әкімі Марат Мұратұлы Ахметжанов адал кәсіпкерлер үшін мемлекет пен жергілікті атқарушы органдар тарапынан барлық жағдай жасалып жатқанын атап өтті: жеңілдетілген несиелер, ауыл шаруашылығы өндірушілеріне қолдау және өзге де шаралар қарастырылған. Сонымен бірге, бизнес қоғам алдында әлеуметтік жауапкершілікті де ұмытпауы тиіс екенін айтты.
Облыс прокуроры Руфат Құттықов: «Кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау және қолайлы жағдай жасау – біздің басты басымдықтарымыздың бірі», – деп атап өтті. Өңірде прокурорлық сүзгі енгізілген: инвесторларға қатысты кез келген шектеу шаралары прокуратура келісімінсіз қабылданбайды. Сондай-ақ жер учаскелерін бөлу мен әкімшілік рәсімдердегі мәселелер атап өтілді. Жекелеген проблемалық мәселелер прокурордың жеке бақылауына алынды.
Кездесу соңында мемлекеттік органдар бизнесті жан-жақты қолдауға және оның дамуына барынша қолайлы жағдай жасауға дайын екендіктерін білдірді.
--
#ЗАҢменТӘРТІП
Ақмола облысының прокуратурасы