Аудан прокуратурасы тыл енбеккерлерін аралап, оларға Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қажырлы еңбегі мен төзімділігі үшін шынайы алғыстарын білдірді.
Ветерандарға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған медальдар табыс етілді. Бұл медальдар тыл енбеккерлерінің еңбегін және олардың Жеңісті жетуге, елді соғыстан кейінгі жылдары қалпына келтіруге қосқан баға жетпес үлесін мойындаудың белгісі болды.
Бұл адамдар бүкіл жанымен, күш-жігерімен ортақ Жеңіске үлес қосты, елді ең қиын сәттерде қолдады, олардың еңбегі біздің бейбіт те бақытты болашағымыздың негізі болды. Олардың өз ісіне деген адалдықтары мен төзімділігі - біздің бүгінгі күнді құратын сенімді негіз.
Аудан прокуратурасы аға ұрпақтың ерлігін мәңгілікке сақтау үшін олардың ерліктері мен патриоттық, рухын келесі урпаққа жеткізе отырып, құрмет көрсетуді жалғастыруда.
#Заң_мен_тәртіп
Ақмола облысының прокуратурасы