Отан қорғаушылар күніне орай Ақмола облысында салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.
Бұл — ерлік пен елге адал қызмет етудің, ер жігітке тән абырой мен намыстың мерекесі.
Іс-шараға ардагерлер мен прокуратура органдарының қызметкерлері қатысты.
Ақмола облысының прокуроры Руфат Құттықов жиналғандарды мерекемен құттықтап, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде прокуратура қызметкерлерінің маңызды рөлін атап өтті.
Өз сөзінде ол Отанға деген адалдық, кәсіби біліктілік пен адал еңбек – нағыз қорғаушының басты қасиеттері екенін ерекше атап өтті.
Мереке аясында адал және мінсіз қызмет атқарған бірқатар қызметкерлерге мерзімінен бұрын сыныптық шендер, «Прокуратура үздігі» төсбелгілері, Бас Прокурордың Құрмет грамоталары және алғыс хаттары табысталды.
Салтанатты жиын мерекелік концертпен аяқталып, ел тыныштығы мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етіп жүрген барлық қызметкерлерге алғыс білдірілді.
#Заң_мен_тәртіп
Ақмола облысының прокуратурасы