Аршалы ауданының прокуратурасы аудан әкімдігі базасында жұмыс кездесуін өткізді. Кездесуге аудан әкімінің орынбасары С. Асилов, «Соғыстан кейінгі интеграция қауымдастығы» ҚҚ, «Social Innovation Hud» ҚҚ, ҚР Әлеуметтік жаңашылдар қауымдастығының президенті қатысты. Кездесуде әлеуметтік қолдау мен әлсіз топтағы азаматтарды бейімдеу мәселелері талқыланды.
Кездесудің мақсаты — бостандыққа шыққан адамдарға көмек көрсету, пробация қызметінде есепте тұрған тұлғаларға қолдау көрсету, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайға тап болған әйелдер мен балаларға психологиялық көмек беру.
Негізгі міндеттердің бірі – сотталғандарды қалыпты өмірге қайтаруға жәрдемдесу. Кездесуде қайта қылмысқа бару қаупін төмендетуге және сәтті қайта бейімделуге ықпал ететін жұмыспен қамту, кәсіби оқыту және құқықтық көмек көрсету бағдарламалары қаралды.
Қиын жағдайға тап болған әйелдер мен балаларды қолдауға ерекше назар аударылды. Мұндай жағдайлар отбасылық зорлық-зомбылыққа, қаржылық қиындықтарға немесе психологиялық проблемаларға байланысты болуы мүмкін.
Қылмыстың алдын алудың тиімді жолы – әлеуметтік бейімдеу, психологиялық және құқықтық көмек көрсету, лайықты өмір сүруге жағдай жасау сияқты кешенді тәсіл қолдану.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар арасында қоғамдық қауіпсіздікті нығайту және ұзақ мерзімді келешекте қылмыс деңгейін төмендету, сондай-ақ азаматтардың қолданыстағы қолдау шаралары туралы хабардарлығын арттыру мақсатында меморандумға қол қою туралы шешім қабылданды.
#Заң_және_Тәртіп
Ақмола облысының прокуратурасы