Ақмола облысы прокуратурасының шараларымен мемлекет пайдасына 52 млн тенге төленді

Ақмола облысы прокуратурасының шараларымен мемлекет пайдасына 52 млн тенге төленді

Жақсы ауданының прокуратурасының салық заңңамасының саласындағы жүргізілген талдау нәтижесінде мемлекеттік кәсіпорнымен  2024 жылдың 2 және 3 тоқсандары үшін салық органына жеке табыс және әлеуметтік салықтар бойынша декларацияларды негізсіз нөлдік мәндері тапсырғаны анықталды.

Соның салдарынан бюджетке 52 млн теңгеден астам салық түспеген.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде мемлекет пайдасына көрсетілген қаражат сомасы төленіп, кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылды.

 

#Заң_және_Тәртіп 

Ақмола облысының прокуратурасы