Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында прокуратура органдары маңызды инвестициялық жобаларға тұрақты қолдау көрсетуде.
Зеренді аудан прокуратурасымен құс фабрикасының құрылысын кеңейту жобасы бойынша 200 –ден астам жұмыс орынын құрумен, инвестицияның жалпы көлемі 6 млрд теңгені құрайтын «BlicTerminal» ЖШС –ң құқықтары қорғалды.
Зеренді ауданы бойынша төтенше жағдайлар басқармасының қызметкері, прокурормен міндетті келісімсіз ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі бойынша инвесторға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады.
Сонымен қатар, материалдарды зерделеу барысында кәсіпкердің әрекеттерінде әкімшілік құқық бұзушылық құрамы болмағаны анықталды.
Осыған байланысты қадағалау актісі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.
Кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Прокуратура органдарында инвесторлар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі CALL-орталық жұмыс істейтінін қосымша хабарлаймыз (байланыстар ресми сайттарда көрсетілген).
#Заң_және_Тәртіп
Ақмола облысының прокуратурасы