Жол-көлік оқиғаларының алдын алу: Зеренді ауданының прокуратурасы мектеп оқушыларына көрнекі сабақ өткізді

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу: Зеренді ауданының прокуратурасы мектеп оқушыларына көрнекі сабақ өткізді

Аудан прокуратурасы «Заң және тәртіп» жобасын іске асыру шеңберінде аудандық полиция бөлімімен бірлесіп, «Жас Ұрпақ» жобасының қатысушыларына жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған практикалық профилактикалық іс-шара ұйымдастырды.

Іс-шара арнайы техника қолдану арқылы өтті, онда мектеп оқушыларына жүргізушінің «соқыр аймақтарда» шолу мүмкіндігінің қаншалықты шектеулі екені нақты көрсетілді. Ерекше назар жаяу жүргіншінің ірі габаритті көлік құралын жүргізуші көру аймағынан тыс қалуы мүмкін жағдайларға аударылды.

Іс-шараның мақсаты — оқушылардың жол жүру ережелерін сақтауына жауапкершілікпен қарау дағдысын қалыптастыру, құқықтық сана деңгейін арттыру, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың жол-көлік оқиғаларына тап болу қаупін азайту.

#ЗАҢ_және_ТӘРТІП

Ақмола облысының прокуратурасы