Жарқайың ауданы прокуратурасы жасөспірімдер үшін профилактикалық дәрістер өткізуде

Жарқайың ауданы прокуратурасы жасөспірімдер үшін профилактикалық дәрістер өткізуде

Жарқайың ауданында кәмелетке толмағандар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында профилактикалық кездесулер сериясы басталды. Іс-шаралар аудан прокуратурасының бастамасымен, прокуратура органдарының ардагері және аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп ұйымдастырылды.

Дәрістер барысында білім беру ұйымдарының оқушыларына есірткі заттарының таралуына қарсы іс-қимыл және жастардың қылмыстық әрекеттерге тартылуының алдын алу мәселелері түсіндірілді. Әсіресе «дропперлер»  өздерінің банк деректерін заңсыз операциялар үшін ұсынатын адамдар туралы кеңінен айтылды.

Спикерлер есірткіні қолдану мен таратудың салдары, сондай-ақ қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік туралы жан-жақты түсіндіріп, жасөспірімдерді интернет пен әлеуметтік желілер арқылы құқықбұзушылық әрекеттерге тарту схемаларын анықтау мен олардан сақтану жолдарына үйретті. Сондай-ақ жасөспірімдерге жеңіл табысқа қызықпай, саналы шешім қабылдау және қауіп төндіретін жағдайларда «жоқ» деп айту маңыздылығы жеткізілді.

Жарқайың ауданының прокуратурасы жасөспірімдер арасында құқықтық түсіндіру және профилактикалық жұмыстарды жалғастыра бермек.

#Закон_и_Порядок 

 

Прокуратура Акмолинской области