Бас прокуратура бастамашы болған «Таза Қазақстан – адал азаматтың таңдауы» экологиялық акциясы аясында Ақмола облысының прокуратурасы да өз үлесін қосты.
Жеңістің 80 жылдығына орай облыс аумағындағы саябақтар мен қоғамдық орындарда 80 түп ағаш отырғызылды.
Ағаш отырғызу арқылы өңірді көгалдандыруға үлес қосу – табиғатқа деген жанашырлықтың белгісі ғана емес, сонымен қатар батырлар ерлігіне деген құрметтің айқын көрінісі.
Облыс прокуратурасы алдағы уақытта да осындай қоғамдық маңызы бар бастамаларды қолдап, экологиялық мәдениетті нығайтуға өз үлесін қоса бермек.
#ЗАҢ_және_ТӘРТІП
Ақмола облысының прокуратурасы