Зеренді ауданында орман және дала өрттерінің алдын алу шаралары талқыланды

Зеренді ауданында орман және дала өрттерінің алдын алу шаралары талқыланды

Зеренді ауданы прокуратурасының бастамасымен өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне арналған кеңес өткізілді. Кеңес жұмысына аудан әкімдігі, полиция бөлімі, төтенше жағдайлар басқармасы, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы, сондай-ақ өзге де уәкілетті мемлекеттік органдар қатысты.

Кеңес барысында табиғатты қорғау ұйымдарының материалдық-техникалық жабдықталуы, күш пен құралдардың дайындық деңгейі, халық арасында алдын алу жұмыстарының күшейтілуі, сондай-ақ өрттің бастапқы кезеңінде уақтылы анықталып, жойылуы мәселелері талқыланды. Ерекше назар төтенше жағдайларға ден қою барысында мемлекеттік органдар мен ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға аударылды.

Кеңес қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді жою және барлық қатысушы қызметтердің үйлесімді жұмысын қамтамасыз ету мақсатында нақты тапсырмалар берілді.

Аталған бағыттағы жұмыстар аудан прокуратурасының тұрақты бақылауында болады.

#ЗАҢ_және_ТӘРТІП


Ақмола облысының прокуратурасы